Оңтүстік Қазақстанда бүршік жарған жеміс ағаштары қардың астында қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында бүршік жарған жеміс ағаштары қардың астында қалды, деп хабарлады www.24.kz.
None
None

Көктемнің алғашқы айында күн жылынып, гүл де қауыз жарып үлгерген болатын. Оңтүстік жұрты ауа райының бұлайша бірден күрт төмендеуі бүршік жарып, гүлдеп тұрған өрік пен шие, алша ағаштарын суық ұрып кетеді ме деп алаңдап отыр. Табиғаттың «тосын мінезі» жүргізушілерді де біраз әбігерге салды. Облыстық ауа райын болжау орталығы мамандарының ақпаратына жүгінсек, суық ауа екі күнге созылады. Ал аптаның соңына қарай күн біртіндеп жылына бастайды, - дейді мамандар. Бүгін түнде Шымкентте термометр -14 градусты көрсеткен.

Соңғы жаңалықтар