Оңтүстік Қазақстанда екі адам ботулизмнен қайтыс болды

АСТАНА. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында Түлкібас кентінің екі тұрғыны ботулизмнен қайтыс болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық басқарманың ақпараты бойынша, қаңтардың 6-сында аудандық аурухананың инфекциялық бөліміне «ботулизм» диагнозымен Түлкібас ауылының төрт тұрғыны түседі, бірнеше күннен кейін тағы төрт адам жатқызылады. Солардың ішінде екі әйел қаңтардың 11-і және 16-сы күндері қайтыс болған. Қалған сырқаттардың жағдайлары қанағаттарлық, дейді дәрігерлер. Медиктердің пайымдауынша, ауыл тұрғындары маринадталған саңырауқұлақтан уланған.
Соңғы жаңалықтар