13:36, 04 Наурыз 2009 | GMT +5
Оңтүстік Қазақстанда Ізгілік күні өтуде
ШЫМКЕНТ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында қайырымдылық акция басталды.
Ұйымдастырушылар бұл шараны «Ізгілік күні» деп атап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қазақстан жастарының ақпараттық қызметі ұйытқы болып отырған бұл шара жоғары оқу орындарынан басталды және оған көңілі қалаған кез-келген адам атсалыса алады. Қатысушылар балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне арнап ойыншықтар, олардың сабақтарына қажетті жабдықтар жинауда. Сондай-ақ Қарттар үйінде - концерт қойылып, ал мектептерде - қайырымдылыққа арналған сынып сағаттары өткізіледі. Еріктілер Шымкент көшелерінде жұртшылықты ізгілікке, қайырымдылыққа шақырған флеш-моб шарасын ұйымдастырады. «Бүгінде, дағдарысқа байланысты адамдардың көңілдерінде алаңдаушылық бар. Сондықтан да адамдарды сергітіп, олардың көңілдеріне ізгілік, жақсылық ұялату керек», - дейді Қазақстан жастарының ақпараттық орталығының директоры Елена Швецова.