18:02, 11 Ақпан 2010 | GMT +5
Оңтүстік Қазақстанда кәсіпкерлік қызметпен 261,7 мың адам айналысады
ШЫМКЕНТ. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысында 2009 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 111,4 мың бірлікті құрады. Кәсіпкерлік қызметпен 261,7 мың адам айналысады. Бұл жөнінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов тұрғындар алдында атқарылған жұмыстар туралы есебінде айтты.
Ол сонымен қатар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 153,5 млрд. теңгенің өнімдерін, жұмыстарын және қызметтерін іске асырғанын атады. Бұл көрсеткіш оның алдындағы жылға қарағанда 5 пайызға артық.
Аудандардағы қаржы институттарын жақындастару мақсатында облыстың барлық аймақтарында арнайы бизнес-жоспарлар жәрмеңкелері ұйымдастырылды. Инвестицияларды тарту және ғылымды қажетсінетін өндірісті жүргізу үшін облыс кәсіпкерлерінің қатысуымен бірнеше ғылыми-практикалық конференциялар, «дөңгелек үстелдер» өткізілді. Мемлекеттік органдардың өкілдерін шақыра отырып бизнес-форум өткізілді және Ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.