Оңтүстік Қазақстанда көне құмыраларды ел аумағынан шығармақ болған адам ұсталды

ШЫМКЕНТ. Қыркүйектің 10-ы.  ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысы  бойынша   кедендік  бақылау  департаментінің  қызметкерлері «Қазығұрт»    кедендік  бекетінде  облыстың Сайрам ауданының  тұрғынын ұстады.
None
None

Ол  азамат  жеңіл көлігінің  жүк  қоятын   жеріне    жасырып,  Өзбекстан   Республикасының аумағына   6   көне керамикалық  бұйым алып өтпек  болған,  деп хабарлады департаменттің  баспасөз қызметінен.  Оның айтуынша,   бұл көне    бұйымдар   оның  отбасында   бірнеше ғасыр  бойы   сақталып  келе жатқан  жәдігерлер   көрінеді.   Ол      бұйымдарды    Ташкентке   қайта  жаңартуға  апара  жатқан.

Керамиканы   облыстық   тарихи-өлкетану    мұражайының мамандары    зерттеп шықты.  «Олардың    қорытындысына  сәйкес,   алты  керамикалық  ыдыстың  бесеуі  -   сайрам құмырашылары  ХІХ ғасырдың  соңы мен ХХ ғасырдың басында жасаған    үлкен  құмыралар.  Алтыншы  бұйым - орташа  көлемдегі құмыра -  орта ғасырлар кезеңіне,  шамамен  XIV-XVI  ғасырларға  жатады»,  деп  хабарлады     кедендік  бақылау  департаментінің  баспасөз қызметінен.

 Сарапшылар  әр бұйымның  құнын   үш мыңнан   бес мың теңгеге  дейін бағалап  отыр.  «Олардың    нарықтың бағасы    аса   қымбат  емес,  бірақ  «Тарихи-мәдени  мұраларды  қорғау және    пайдалану  туралы»   Заңға сәйкес,    оларды  республика  аумағынан  әкетуге тыйым салынған.   Жәдігерлер    мемлекеттік мұражайларға беріледі»,  деп түсіндірді    баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар