Оңтүстік Қазақстанда қырым қанды безгегінің екінші оқиғасы анықталды

ШЫМКЕНТ. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Дәрігерлер Оңтүстік Қазақстанның Төлеби ауданының 18 жасар тұрғын қызына қырым қанды безгегі диагнозын қойды,
None
None

деп хабарлады облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінен.

Санэпидемиологиялық тексеру барысында, әлгі бойжеткенді кене шағып алғаны анықталды. Ол кенені өзі жұлып алып, шаққан жерді спиртпен сүртіп қоя салған да, дәрігерге бармаған. Бірақ бір тәулік өтпей жатып, оның басы және буындары ауырған, көгерулер пайда болып, қан кете бастаған. Зардап шегуші жедел аудандық ауруханаға жатқызылады, бірақ ем аяқталмай жатып, ол ауруханадан кетіп қалады. Нәтижесінде оның жағдайы күрт нашарлап, ауыр жағдайда Шымкенттегі облыстық инфекциялық ауруханаға жеткізіледі.

Бұл қырым қанды безгенінің жыл басынан бері тіркелген екінші оқиғасы. Алғашқы оқиға наурыз айында тіркелген болатын.

Жалпы алғанда, кене шаққаннан кейін дәрігерлерге 200-ден астам адам көмек сұрап келген. Олардан қатерлі вирус анықталмаған. «Бірақ әр оқиға санэпидемқызметтің бақылауына алынып, үйлер мен аурулар зарарсыздандырылады», - дейді департамент бастығының орынбасары Жұмағұл Медетов.

Маман сондай-ақ, қыстың жылы болуы және көктемнің ерте келуі салдарынан, биыл қырым қанды безгегін жұқтыратын кенелердің ерте оянғанын қуаттады. Сондықтан да облыс аудандарында ірі және ұсақ малды жаппай зарарсыздандыру жұмыстары басталды. Бұл мақсатқа 174 миллион теңге бөліп отыр.

Соңғы жаңалықтар