Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Оңтүстік Қазақстанда Қызыл кітапқа енгізілген ителгі құсты аулаушылар ұсталды

ШЫМКЕНТ.  Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ -    Оңтүстік Қазақстан облысы  Бәйдібек  аудандық  ішкі істер  бөлімінің  қызметкерлері    ителгіні  заңсыз  аулаған   Шымкент тұрғынын   ұстады, 

Оңтүстік Қазақстанда Қызыл кітапқа енгізілген ителгі  құсты аулаушылар  ұсталды

деп    хабарлады    департаменттің баспасөз қызметінен.

«Аудандық   ішкі істер бөліміне, Қапшағай көлінің    маңында    бір  азаматтың құс  аулап   жүргені  туралы    ақпарат келіп түседі. Оқиға орнына      аттанған    жедел топ    Шымкенттің 47 жастағы тұрғынын   бұлтартпас айғақпен ұстайды.    Оның көлігінен    ауланған  ителгі  құс табылған»,  - деп  хабарлады полицейлер.

Ителгі  -  Қызыл  кітапқа енгізілген,  жоғалып  бара жатқан  сирек   құс.    Қазақстан   Республикасының аумағында   150-ге жуық   жұп ителгі  құс  бар.  Әлгі браконьердің   мемлекетке келтірген     материалдық   шығыны  3 миллион теңгеге жуық.   Күдіктінің  үстінен  «Сирек кездесетін және   жоғалып  кету қаупі төнген    құстарды заңсыз  аулау»    бабы  бойынша қылмыстық іс қозғалып  отыр.

«Бұл  - жылдың басынан  бері ителгіні заңсыз  аулаудың жолы кесілген     екінші факті»,  деп  хабарлады    департаменттің баспасөз қызметінен.