13:41, 25 Ақпан 2010 | GMT +5
Оңтүстік Қазақстанда мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасының қызметкері парамен ұсталды
ШЫМКЕНТ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасы қызметкерінің пара алу фактісі бойынша қылмыстық істі тексеруде,
деп хабарлады қаржы полициясының баспасөз қызметінен.
«Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының жетекші маманы құрылыс жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік лицензия алуға «көмегі үшін» жауапкершілігі шектеулі серіктестердің бірінің директорынан 350 мың теңге сома пара алып тұрған кезінде ұсталған болатын. Ұсталған азаматқа «пара алу» бабы бойынша айып тағылып, сот санкциясымен ол қамауға алынды», деп хабарлады қаржы полициясының баспасөз қызметінен.
Қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізілуде.