09:26, 28 Мамыр 2010 | GMT +5
Оңтүстік Қазақстанда нөсер жауынның салдарынан 54 үйді су басып қалды
АСТАНА. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат - Мамырдың 27-сі күні кешке Оңтүстік Қазақстан облысында қатты нөсер жауынның салдарынан бірнеше тұрғын үйдің аулалары мен жертөлелерін су басып қалды,
деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сарыағаш қаласында, Кұркелес, Жаңаталап, Дастан, Ақ үй, Төрттам, Дарбаза ауылдық округтерінде барлығы 54 үйді су басып қалып отыр.
Құтқарушылардың хабарлауынша, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Төтенше оқиғаның салдарын жоюға 159 адам және 35 техника жұмылдырылды.