Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Оңтүстік Қазақстанда Президенттікке кандидат Н.Назар­баев­ты қолдау жөніндегі қоғамдық штаб құрылды

ШЫМКЕНТ. 16 ақпан. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстанда ҚР Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевты қолдау жөніндегі облыстық қоғамдық штаб құрылып, өз жұмысын бастады.

Оңтүстік Қазақстанда Президенттікке кандидат Н.Назар­баев­ты қолдау жөніндегі  қоғамдық штаб құрылды

«Нұр Отан» ХДП Оңтүстік Қазақтан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ұласбек Сәдібеков штаб жетекшісі болды.

«Қоғамдық штабтың басты міндеті Президенттікке үміткер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кандидатурасына жан-жақты қолдау танытып, оның сайлауалды тұғырнамасын түсіндіруге орай үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу болып табылады», - деп атап өтті штабтың құрылғандығына байланысты өткен баспасөз мәслихаты барысында Ұласбек Сәдібеков.

Сондай-ақ Ұ.Сәдібеков қоғамдық штабтың бірінші кезектегі міндеті «Нұр Отан» ХДП атынан ұсынылған кандидатқа қол жинау науқанын жүргізу екенін атап өтті. «Жалпы республика бойынша президенттікке үміткерді қолдап 91 мыңнан кем емес адам дауыс беруі тиіс», - деп түсіндірді штаб төрағасы.