Оңтүстік Қазақстанда уытты заттарды заңсыз транзиттеу факті анықталды

ШЫМКЕНТ.  Желтоқсанның  3-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан  облысында   уытты заттардың   теміржолдағы заңсыз  транзиті анықталды, 
None
None

 деп   хабарлады  бейсенбі күні   Оңтүстік Қазақстан  облысы  бойынша  кедендік  бақылау     департаментінің баспасөз қызметінен.

Қыркүйек айында Сарыағаш теміржол  кеденінің  қызметкерлері    «N-Метилдиэтаноламин» тауары  тиелген 13 теміржол  вагонын анықтап,    оларды негізгі   құрамадан  ажыратып  алған  еді.  Қытай  Халық Республикасынан  жөнелтілген жүк   транзитпен Түрікменстанға     бара жатқан.

Баспасөз қызметінен      хабарлағандай, «Экспорттық бақылауға    жататын   өнімдерді (тізімін)    бекіту  туралы»   ҚР Үкіметінің   қаулысына сәйкес, «N-Метилдиэтаноламин»  бақылау  тізіміне кіретін «уытты   химиялық зат»  болып  табылады.   Бұл тауар    тек  лицензиямен өндірілетін, өңделетін, тасымалданатын,   сатып  алынатын,  сақталатын,  сатылатын,    пайдаланылатын   және жойылатын     уытты заттардың     тізіміне кіреді.

«Уытты жүкті  Түрікменстанға   жөнелткен      қытайлық «Чжуннао»  Халықаралық  сауда корпорациясы» компаниясының   транзитке   арнайы   рұқсаты  болмаған.   Осы  құжаттың  болмауы   аталмыш 13   теміржол  вагонын  дереу  ажыратып  алу  шараларын  қабылдауға негіз болды», - деп хабарлады  баспасөз қызметінен.

Осы факті  бойынша  қытай  фирмасына  қатысты әкімшілік      материалдар   қозғалып,  айып  салынды.

Соңғы жаңалықтар