Оңтүстік Қазақстанның көкөністері мен қарбыздары - елорданың мерекелік дастарханына

АСТАНА. Шілденің 6-сы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Дүйсенбі күні Оңтүстік Қазақстан облысынан шыққан автокеруен елордаға жетті. Мереке қарсаңында оңтүстіктен Астанаға 200 тонна көкөніс түрлері әкелінді,

Оңтүстік Қазақстанның көкөністері мен қарбыздары - елорданың мерекелік дастарханына

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оннан астам ауыр жүк көлігі 50 тонна қырыққабат, 50 тонна картоп, 70 тонна бақша өнімдері, 15 тонна қызанақ және 3 тонна қияр алып келді. «Жаңа піскен көкөніс түрлері  делдалсыз Астана базарына тікелей шығарылып, бағаның көтерілмеуін қамтамасыз етеді. Елорда тұрғындары үшін бұл мерекеге арналған тамаша тарту болады», - деп мәлім етті облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.