Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Оңтүстік Қазақстанның құтқарушылары тауда аяғын сындырып алған туристі құтқарды

ШЫМКЕНТ. 15 тамыз. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының құтқарушылары тауда аяғын сындырып алған турист әйелді құтқарды.

Оңтүстік Қазақстанның құтқарушылары тауда аяғын сындырып алған туристі құтқарды

Оңтүстік Қазақстанның төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Бүргүлік тауында құтқару операциясын жүргізді.

ТЖ пультіне Ақтау тұрғынының аяғын сындырып, өздігінен таудан түсе алмай жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Кейін анықталғандай, ақтаулық отбасы Шымкентке демалуға келіп, Бүргүлік шипажайларының бірінде уақыт өткізуді шешкен.

Кетер алдындағы соңғы күні Ақтаудың 46 жастағы тұрғыны жұбайы және балаларымен бірге тауларға шығып, фотосессия өткізбекші болды. Алайда ол сонда аяғын сындырып алды.

Оқиға орнына кезекшілік топ шықты. ОҚО ТЖД құтқару бөлімшесінің басшысы Рауан Дүйсенбековтың айтуынша, әйелді таудан зембілмен түсіріп, ауруханаға жеткізді.