Оңтүстік Қазақстанның Мақтаарал ауданында үш жаңа мектеп пайдалануға берілді

деп хабарлады аудан әкімдігінен.
Жетісай қаласында - 1200 орындық, Қызылқұм ауылдық округінде - 900 орындық, Қарақай ауылында - 700 орындық мектеп іске қосылды. Жетісайдағы үшқабатты білім ошағы «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасының аясында салынып отыр. Ол қалалық үш мектептің жүгін жеңілдетіп, оларды үш ауысымдық оқудан құтқарады. Нысанның құны - 381 миллион теңге. Мердігер компания - «Нұри-Л-Жетісай» ЖШС мектепті өз цехтарында жасалған жабдықтармен толық жарақтап отыр.
Қызылқұм ауылдық округіндегі мектеп те осы бағдарлама аясында салынған. Ондағы сабақтар қысқы демалыстан кейін басталады. Бұған дейін балалар сабаққа бейімделген айларда оқып келді.
Қарақай ауылдық округіндегі мектептің ашылуы ауыл тұрғындары үшін үлкен мереке болды. Ауылдағы мектептің құрылысы осыдан 20 жыл бұрын басталған болатын. «Сақалды құрылысқа» айналған мектеп 2010 жылдың қарсаңында аяқталды.