Оңтүстік Қазақстанның Отырар ауданында 4 жаңа балабақша салынуда

ШЫМКЕНТ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданында 4 жаңа балабақша салынуда,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ауданда бүгінде жеті балабақша жұмыс істейді, бірақ ол жетіспейді. Ауданда бала туу көрсеткіші жыл санап өсіп отыр. Сондықтан да Маяқұм және Көксарай ауылдарында бір-бір балабақшадан ашылады - бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 8 миллион теңге қаржы бөлініп отыр.Аудан орталығы ?Шәуілдір селосында тағы екі балабақша салынып жатыр. 250 орындық біреуі республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға салынып жатса, 50 орындық екінші балабақшаны ?«ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлттық компаниясы салып жатыр. Жұмыстар компаниялар мен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі арасында жасалған бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы меморандум аясында жүргізілуде.
Соңғы жаңалықтар