Оңтүстік Корея алғаш рет КХДР-ды Қауіпсіздік кеңесіне шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Корея Республикасы 9-11 қыркүйекте Сеул қаласында өтетін аймақтың қауіпсіздік кеңесіне Корея Халықтық Демократиялық Республикасын шақырды, деп хабарлады «РИА Новости» оңтүстіккореялық қорғаныс министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Оңтүстік Корея алғаш рет КХДР-ды Қауіпсіздік кеңесіне шақырды

«2012 жылдан бері өтіп келе жатқан форумға Оңтүстік Корея алғаш рет КХДР-ды шақырды», делінген Ренхап агенттігі ақпаратында.

Пхеньян Сеулдың шақыруына әзір жауап берген жоқ. Аймақтың қауіпсіздік Кеңесіне 30-дан астам елдің Қорғаныс министрлері қатысады.