Оңтүстік Корея Президенті «Чхонан» корветінің ісін БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне бермек

АСТАНА. Мамырдың 24-і. ҚазАқпарат - Оңтүстік Корея «Чхонан» корветінің суға батырылуы туралы істі БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің қарауына бермек.

Оңтүстік Корея Президенті     «Чхонан» корветінің ісін БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне бермек

Ел Президенті Ли Мен Бак дүйсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде осыған орай сөз сөйлейді, деп хабарлады президент әкімшілігінің өкілі Ли Дон Гван. Бұл туралы «Рейтер» агенттігі хабарлады.

«Чхонан» корветі наурыздың 26-сында Сары теңізде суға батып кетіп, 46 теңізші қаза тауып, 58-і аман қалған еді. Халықаралық тергеушілер тобы корветтегі жарылысқа торпеданың себеп болғанын айтып отыр. Солтүстік Корея өз кезегінде, барлық айыптауларды жоққа шығарып, егер Оңтүстік Корея Солтүстікке шабуыл жасамақ болса, «қатты соққы берілетінін» мәлім етуде.