Оңтүстік Корея Ресейден үш сібір жолбарысын сұрап отыр

АСТАНА.  Қарашаның  12-сі. ҚазАқпарат -  Оңтүстік  Корея  Солтүстік-Шығыс  Азия   аймағы  фаунасының   сәні саналатын    және  соңғы уақытта     тұқымы жоғалып  бара жатқан  жолбарыстардың  генофондын сақтау  үшін,  жақында   үш  сібір   жолбарысын   сұрап, 

Оңтүстік Корея   Ресейден   үш  сібір    жолбарысын     сұрап  отыр

Ресейге   ресми өтініш   жолдады.    Бұл өтініш    қазан айының соңында Мәскеуде  өткен    Қоршаған ортаны  қорғау саласындағы ынтымақтастық  жөніндегі  ресей-корей   кеңесінің кезекті  отырысында    жасалды,  деп    хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Сібір    жолбарысы   қазіргі  Оңтүстік Кореяның  аумағында соңғы рет  1922 жылы Тэдоксан тауларында  байқалған.  Сол жылы   жыртқышты  өлтірген.  Міне, содан бері      Кореяда     жолбарысты   өз көзімен көрген  адам    жоқ, сондықтан да,    жануардың  бұл  түрінің  тұқымы   қалмаған  деп  саналады.