Оңтүстік Корея Солтүстік Кореямен шекарада қателесіп, пулеметтан оқ атты
Оңтүстік Корея әскерилері шығыстағы Канвондо провинциясындағы Корея шекарасына жақын маңда әскери бөлімшенің оқу-жаттығуы кезінде, сенбі күні сағат 18:27-де пулеметтен төрт рет оқ атылғанын мәлімдеді.
Оқтың бәрі әскери демаркациялық шекараның оңтүстік бөлігіне түскен, зақым келгені туралы ақпарат жоқ. Оқу-жаттығу кезінде оқ атылатыны жоспарланбаған.
Ресми тұлғалардың сөзінше, әскери бөлімше Солтүстік Кореяға бірнеше рет оқ әдейі атылмағанын радио арқылы хабарлады. Десе де төтенше жағдайға дайындығын күшейтті.
«Солтүстік Корея жақтан ерекше ештеңе байқалмайды, оқиғаның нақты қалай болғаны тергеліп жатыр», - деді бөлімше өкілі.
2020 жылдың мамырында Солтүстік Кореядан Оңтүстік Кореяның демилитаризацияланған аймағының орталық бөлігіндегі күзет орнына төрт оқ түсті, Оңтүстік Корея әскері жауап ретінде оқ жаудыруға мәжбүр болды.
Бұл Оңтүстік және Солтүстік Корея арасындағы ұзақ уақыт тыныштықтан кейінгі атыс еді. 2018 жылдың қыркүйегінде қол қойылған әскери келісім бойынша, екі Корея бір-біріне деген қастандық әрекеттерін тоқтатып, шиеленісті азайтып, сенімді ұлғайту туралы келіскен болатын.
Ұзындығы 250 және ені 4 шақырым болатын демелитаризацияланған аумақ әлемдегі ең күшті шекаралардың бірі саналады. Осы жер бәсекелес Кореялар арасындағы жанжал орнына жиі айналатын еді.
Фото: en.yna.co.kr