16:19, 13 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Оңтүстік Корея тұмау эпидемиясы салдарынан тағы 2,5 млн үй құстарын жоймақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Корея билігі H5N6 құс тұмауының жоғары патогенді вирусының таралуын алдын алу мақсатында үй құстарының көзін жою жұмыстарын жалғастыру туралы шешім қабылдады, делінген ауыл шаруашылығы министрлігінің сейсенбіде жасаған хабарламасында.
Оңтүстік Кореяда алғаш рет қараша айының ортасында бұл вирусты жұқтырған адам анықталды. Содан кейін 43 тұрғын ауырған. Елдің барлық аумағына таралмас үшін 10 млн. тауық пен үйрек жойылды.
Оңтүстік Корея ауыл шаруашылығы министрлігі тағы да 2,5 млн үй құстарының көзін құртуды жоспарлауда. Бұл құс тұмауы 2014 жылдан бергі елдегі ең үлкен эпидемия болып отыр, деп хабарлайды interfax.ru.