Оңтүстік Кореяда 15 адам өмірге қауіпті коронавирусты жұқтырды

Оңтүстік Кореяның денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту министрлігінің мәліметтерінше, науқастар елде коронавирус диагнозы расталған бірінші адам болған 68 жастағы кәріс жатқан ауруханаға барған. Ол бұл ауруды Сауд Арабиясы мен Бахрейнге сапары кезінде жұқтырып алды.
4 мамыр күні еліне оралған ол көп уақыт өтпей ауруханаға денесінің қызуы мен жөтеліне шағымданып келді, деп жазады ТАСС.
Таяушығыстық респираторлық синдром адамнан алғаш рет 2012 жылы анықталды. Бұл ауру 2003 жылы Қытайда ауыр өткір респираторлық синдромының жаппай тарауына себеп болған бірдей типті коронавирусынан болған. Қалтырау, жөтел, пневмония еріп жүретін бұл ауру бұған дейін кем дегенде тоғыз елде, соның ішінде Катар, Иордания, Франция, Германия, Ұлыбритания, Италия, Сауд Арабиясы, БАӘ және Тунисте тіркелген.
Қазіргі кезде зертханалық түрде аурудың 1116 оқиғасы тіркелген, кем дегенде 423 адам көз жұмды. Бұл вирус алғаш рет 2012 жылы Сауд Арабиясында анықталды. Тұмау вирусы сияқты, ол да ауа-тамшы жолымен таралады.