Оңтүстік Кореяның 240-тан астам фермасында құс тұмауы анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяда құс тұмауының таралуына қарсы шаралар әлі нәтижесін берген жоқ. Осы елде H5N6 вирусы алғаш рет қараша айының басында жабайы кұстар арасында тіркелген. Осы күнге дейін құс тумауы 240-тан астам фермада анықталды, деп жазады «Хабар 24».
None
None

Эпидемияны тоқтату үшін 24 миллионнан астам тауық пен үйрек жойылды. Үкімет вирус анықталған аймақтардан өнімді сыртқа шығаруға тыйым салды. Дерт жұққан орындарда дезинфекциялау жұмыстары жүріп жатыр. Құс тұмауы вирусы адамға жұғатыны белгілі. Бірақ ғалымдардың айтуынша, H5N6 вирусынан Оңтүстік Корея тұрғындарына қауіп төніп тұрған жоқ.

«Адамдарға құс тұмауы жұғу оқиғаларын зерттегенде, ауырып қалған адамдар тірі құстармен жұмыс істегені анықталды. Олар - тауықтар мен үйректерді өсірген немесе олардың етін сатқан адамдар. Кореяда осындай оқиғалар болған жоқ. Құс етін біз тек қана Қытайға экспорттаймыз. Қазір тауық және үйрек етінің экспорты тоқтатылды», - дейді Конкук университеті ветеринарлық медицина колледжінің профессоры Сонг Чанг Сон.

Соңғы жаңалықтар