Оңтүстікқазақстандық судьяларға кәсіби аттестациядан өтуге тура келеді

ШЫМКЕНТ. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстікқазақстандық судьялардың кәсіби аттестациядан өтуіне тура келеді. ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми облыстық соттың басшылығына осындай тапсырма берді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Жоғарғы сот төрағасы Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облыстық соты алқасының жыл қорытындысына арналған жиынынан кейін осындай шешімге келді. Фемида қызметшілері қатаң сынға алынып, оларға елеулі ескертулер жасалды. Оған жыл қорытындысының мәліметтері себепші болды. Облыс аудандары мен қалаларының соттары 4855 қылмыстық және 29 000 азаматтық істерді қарады. Олардың бәрі бірдей өз дәрежесінде болмаған. Жоғарғы сот бірқатар шешімдердің күшін жойды, бірқатары өзгертілді. Негізсіз және заңсыз деп танылған істер бар.Сондықтан да Қайрат Мәми Оңтүстік Қазақстан облысы соттарының сауаттылығы мен кәсіби сәйкестігін тексеруге тапсырма берді. Оған дәлел ретінде шымкенттік соттардың бірінің жазған үкімін келтірді. «Мына үкімде судья 72 грамматикалық қате жіберген. Бұл не деген масқара? Үшінші сыныптың оқушылары диктантты бұдан гөрі сауаттырақ жазады! Тіпті «Қазақстан Республикасы» деген сөзді дұрыс жаза алмағансыздар! Мұндай адам сот дипломын былай қойғанда, орта білім туралы аттестатты қалай алғанына таңым бар?! Оның шешімдері мен үкімдері қате жазылса қалайша заңды бола алады?! Қызметке филологтарды жалдаңдар, олар сіздерді сауаттылыққа .үйретсін!», - деді ол.
Соңғы жаңалықтар