Оңтүстікқазақстандық ЖОО ҮИИД МБ бойынша білікті мамандар дайындауды бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтерген кәсіпорындар үшін білікті мамандар дайындауды бастады, деп хабарлады www.24.kz.

Оңтүстікқазақстандық ЖОО ҮИИД МБ бойынша білікті мамандар дайындауды бастады

Әзірге құрылыс индустриясы тамақ және химия өнеркәсіптері мен мұнай-химия саласына қажетті мамандардың сұранысын қанағаттандыру көзделіп отыр. Университет шетелдік жоғары оқу орындарымен бірлесіп, магистранттарды даярламақ. Білім беру бағдарламаларының халықаралық деңгейін қамтамасыз ету үшін заманауи құралдармен жабдықталған 4 ғылыми-зерттеу орталығын құруға ниетті. Яғни осы бағытта дайындалған мамандар міндетті түрде жұмысқа алынады. Мәселен, Мырзахан Манапов «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасы аясында үкіметтен көмек алып, күніне 1,2 тонна түйе сүтін өңдеп отыр. - Шұбаттан басқа түйе сүтінен құрт-май өнімдерін шығаратын технолог-маман іздеп жатырмыз.дейді кәсіпкер Мырзахан Манапов. М.Әуезов атындағы ОҚМУ проректоры Дархан Сабырхановтың айтуынша, осындай сұраныс үшін Үкімет тарапынан үлкен қаржы бөлініп отыр. Маман дайындауға шетелдік әріптес ЖОО-ларды қатыстыру қарастырылуда.