Оңтүстікқазақстандықтар жемқорлық фактілері туралы «жеткізіп тұрудан» көшбасшылар

ШЫМКЕНТ. 9 маусым. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлар үшін сыйақы алатын тұлғалардың саны бойынша көшбасшы болды.

Оңтүстікқазақстандықтар жемқорлық фактілері туралы «жеткізіп тұрудан» көшбасшылар

Қаржы полициясы департаментіне шенеуніктер мен өзге лауазымды тұлғалардың заңға қарсы әрекеттері туралы арыз-шағымдарымен ондаған адам келді, 17 жағдай бойынша фактілер расталды. Бүгінгі күнге дейін 4 қылмыстық іс бойынша соттың шешімі шықты.

Мысал үшін, тұрғындардың көмегімен Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық сотының сот отырыстарының хатшысы-бас маманы сотталды. Ол қылмыстық қудалауды тоқтату үшін, оның құзырына мұндай мәселелерді шешу кірмесе-дағы, алаяқтық жолмен 100 мың теңге алып жатқан жерінен ұсталды. Оған мүлкін тәркілей отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.

Айта кетейік, сыйақылардың көлемі қылмыстың ауырлығына байланысты болады. Оңтүстік Қазақстанның бірнеше тұрғынына 121 170 теңгеден тағайындалды.