Оңтүстіккорейлік «Чхонан» корветі Солтүстік Кореяның торпедалық шабуылының салдарынан апат болды - сараптау комиссиясы
АСТАНА. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат - Құрамына АҚШ, Австралия және Швеция мамандары кіретін халықаралық сараптау комиссиясы "Чхонан", оңтүстіккорейлік корветтің апатына Солтүстік Кореяның қатысы бар екендігі туралы қорытындыға келді. "Чхонан" кемесі мамырдың 26-сында жарылып, Сары теңізге батып кеткен болады.
Бұл туралы сәрсенбі күні «Киодо» ақпарат агенттігіне Сеулдің үкіметтік топтарындағы дерек көз хабарлаған.
Кеме апатына «солтүстіккорейліктердің торпедалық шабуылы» себеп болғаны туралы мәлімдеме, Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Ю Мён Хван шетелдік дипломаттар мен журналистерге: «"Чхонан" корветі, сарапшылардың пікірінше, торпеданың жарылуынан орын алған қуатты суасты жарылыстың салдарынан суға батып кеткенін» айтқаннан кейін жасалды. Бұл оқиғаға Солтүстік Кореяның қатысы бар-жоқтығы туралы тілшілердің бірінің сауалына министр «қатысы бар екені анық», деп жауап берді.