Оңтүстіктен шыққан көкөніс керуендері полиция мен «Нұр Отанның» қорғауында солтүстікке жетеді
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі істер департаментінің басшылығы «Нұр Отан» партиясы өкілдерімен бірлесіп арнайы жұмыс тобын ұйымдастырды, олар автокеруендерді жол полицейлерінің шығарып салуын бақылайтын болады. «Біздің мақсатымыз - республиканың оңтүстік өңірінен солтүстік облыстарға тасымалданатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің тұтастығын және оларды тасымалдайтын жүк көліктерінің қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету», дейді облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы Серімжан Досымов.
«Ішкі істер органдарының қызметкерлері тарапынан пара алу және алым-салық алу фактілері туралы сіздерден түскен кез-келген мәліметті өзім қарайтын боламын және ондай әрекетке жол берген полицей заң бойынша қатаң жазаланады, тіпті жұмыстан да қуылады», - деді С.Досымов мырза.
Өз тарапынан партия мүшелері де көлік қозғалысын бақыламақ. «Мұндай шара облысымызда игі дәстүрге айналады деп үміттенемін және шараның ашықтығын қамтамасыз ету үшін келешекте оған жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де тартылатын болады», - дейді «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының орынбасары Қалима Жантөреева.
Өткен аптаның соңында солтүстікке полиция мен «Нұр Отанның» бірлескен бақылауымен 24 көлік аттанды. Оңтүстікқазақстандық полицейлер көліктерді Жамбыл облысына дейін шығарып салады, ал эстафетаны олардан тараздық әріптесері қабылдайды.