20:08, 23 Ақпан 2009 | GMT +5
Оңтүстіктің көктемі салқын болғалы тұр
ШЫМКЕНТ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан гидрометеорологиялық орталығының мәліметтеріне қарағанда, оңтүстіктің көктемі салқын болғалы тұр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Егерде, соңғы аптада термометр бағанының көрсеткіші таң алдында ғана нөлден сәл төмендесе, наурыздың бірінші онкүндігінде күн суытып, тұман түседі. Ауа райын болжаушылар түнде 1-6, кей жерлерде 11 градусқа дейін суытады, күндіз 1-10 градус жылы болады деп болжайды.Екінші онкүндікте күн жыли түседі. Түнде ? 5 градустан төмен емес, күндіз - 9-14 градус жылы. Наурыздың үшінші онкүндігінде түнде 4-9, күндіз 24 градусқа дейін жылы болмақ.