Оңтүстік Африкада автобус апатқа ұшырап, 16 адам көз жұмды
АСТАНА. KAZINFORM — Оңтүстік Африка Республикасының Батыс Кейп провинциясындағы Тоусрифир қаласына жақын маңдағы тас жолда автобус аударылып, 16 адам көз жұмды, деп хабарлайды БелТА.
Батыс Кейп провинциясының көлік департаментінің мәліметінше, жол апаты бейсенбі күні таңғы сағат 00:40 шамасында тіркелді. Автобуста Оңтүстік Африканың 73 азаматы болған.
«Қайғылы оқиға салдарынан 16 адам көз жұмды, тағы екі адам ауыр жарақат алды», – делінген департамент таратқан хабарламада.
Қазіргі уақытта оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жұмыс істеп, зардап шеккендерге көмек көрсетіп, апаттың салдарын жоюмен айналысып жатыр.
Құтқару және эвакуация жұмыстарының жалғасуына байланысты тас жолдың апат болған бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.
Айта кетейік, Түркияда туристер мінген автобус апатқа ұшырап, 4 адам мерт болды.