Оңтүстік Корея президентінің міндетін атқарушы сайлауды әділ өткізуге уәде берді
АСТАНА. KAZINFORM — Корея Президентінің міндетін атқарушы премьер-министр Хан Док Су жаңа мемлекет басшысының кезектен тыс сайлауын «әділ және адал» өтуін қамтамасыз етуге ниетті, деп хабарлайды ТАСС.

— 60 күн ішінде өтетін келесі президенттік сайлау әділ және адал болуы керек, — деді премьер-министр кабинет мүшелерімен кездесуде.
Ол мемлекеттік органдарды саяси тұрғыда бейтарап болуға шақырды.
— Мен келесі үкімет заң мен конституцияға сәйкес жұмысты уақтылы бастауы үшін кезекті президенттік сайлауды өткізуге бар күшімді саламын. Президенттің міндетін атқарушы ретінде мен ұлттық қауіпсіздік пен халықаралық қатынастардағы қысымды болдырмау мақсатында қауіпсіздік саласында толық дайындықты қамтамасыз етемін, — деді Хан Док Су халыққа жариялаған үндеуінде.
Сонымен қатар, Хан Док Су отандастарына АҚШ-пен сауда келіспеушіліктері сияқты «қазіргі проблемаларға» келісілген түрде жауап беруге, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтауға уәде берді.
Осыған дейін бүгін Оңтүстік Кореяның Конституциялық соты президент Юн Сок Ёльға импичмент жариялау ісі бойынша шешім шығарғанын жазған едік.