Оңтүстік Корея үкіметіндегі өзгеріс: Президенттің міндетін атқарушы тағы ауысты

АСТАНА. KAZINFORM – Оңтүстік Корея президенті міндеті атқарушыларының осы аптада отставкаға кетуі жаңа көшбасшының сайлануына бірнеше апта қалғанда елді саяси белгісіздіктің жаңа кезеңіне ұшыратты, деп хабарлайды Yonhap

Исполняющий обязанности президента Южной Кореи объявил об отставке
Фото: Yonhap

Жұмадан бастап премьер-министрдің орынбасары әрі білім министрі Ли Джу Хо Оңтүстік Корея президентінің міндетін атқарушы болды. Бұрынғы қаржы министрі Чхве Сан Мок бейсенбі күні кешке Ұлттық жиналыстың (парламент) импичмент жариялау әрекеті аясында отставкаға кетті.

Бастапқыда Чхве бұған дейінгі президент м.а. және премьер-министр Хан Док Су отставкаға кеткеннен кейін уақытша көшбасшы қызметін қайта атқаруы тиіс еді – көпшілік бұл әрекетті президенттік сайлауға дайындық ретінде қарастырды. 

Хан өзінің кандидатурасын жұма күні ресми түрде жариялады.

Жаңа президент м.а. Ли Джу Хоның елді бес аптадан аз басқару уақыты бар, бұл маңызды саяси шешімдер қабылдау үшін тым қысқа мерзім. 

- Оның қызмет ету мерзімі қысқа болса да, өтпелі кезеңде нақты билік орталығының жоқтығы мен басқару мүмкіндігінің шектелуі алаңдаушылық тудырып отыр, - деп жазды агенттік.

Тұрақсыз жағдайды Оңтүстік Кореяның Дональд Трамп әкімшілігі енгізген тарифтерге қатысты АҚШ-пен маңызды сауда келіссөздерін жүргізіп жатқаны қиындатып отыр. 

Ли ресми түрде қызметке кіріскеннен кейін елді тұрақты басқаруға баса назар аударатынын атап өтті.

- Осы қиын міндетті сеніп тапсырғаны үшін жауапкершілікті терең сезінемін, - деді ол тілшілерге. 

Ұлттық жиналыстың Чхве Сан Мокқа импичмент жариялау бастамасы парламентті бақылайтын Демократиялық партияның (ДП) саяси кек алу әрекеті ретінде қарастырылып отыр. Бейсенбі күні Жоғарғы сот ДП-ның бұрынғы жетекшісі және президенттікке кандидат Ли Чжэ Мёнды сайлау заңнамасын бұзғаны үшін ақтау үкімін тоқтатты. 

Енді іс қайта қарау үшін апелляциялық сотқа қайтарылады. 

Бұл шешім алдағы президенттік бәсекеде басымдыққа сенген ДП үшін үлкен соққы болды. 

Хан Док Судың кандидатурасы ресми түрде жарияланған соң Халық күші партиясы (ХКП) үш әлеуетті үміткер – Хан Док Су, ХКП бұрынғы жетекшісі Хан Дон Хун және бұрынғы еңбек министрі Ким Мун Су арасында кандидатты ұсынуды қалай үйлестіретіні белгісіз.

Консервативтік, сондай-ақ либералдық үкімет тұсында қызмет еткеннен кейін бейтарап тұлға бейнесін сақтап қалған Хан партия ішінде Юн Сок Ёлдың соғыс жағдайын енгізу әрекетінен туындаған бірнеше айлық дағдарыстан кейін тұрақтандыруға қабілетті үміткері ретінде қарастырылып отыр. 

- Мен өзім жақсы көретін Корея Республикасының болашағы үшін және бәріміз үшін қолымнан келетін нәрсені табуды шештім, - деді ол Ұлттық жиналыста өткен баспасөз мәслихатында өзінің кандидатурасын ресми түрде жариялау кезінде. 

Бұған дейін Оңтүстік Кореяда президенттік сайлау өтетін күн белгіленгенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар