Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Оңтүстік Кореяда аптап ыстықтан 20-дан астам адам қайтыс болды

АСТАНА. KAZINFORM – Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мён бейсенбі күні үкіметке елде аптап ыстықтан келтірілген залалды азайту үшін барлық ресурсты жұмылдыруды тапсырды, деп хабарлайды Yonhap ақпарат агенттігі. 

Более 20 человек умерли в Южной Корее из-за аномальной жары
Фото: Yonhap

Оңтүстік Кореяда жыл басынан бері аптап ыстықтан 21 өлім тіркелді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен асып түсті, ол кезде жоғары температураның әсерінен 20 адам қайтыс болған.

Мамыр айының ортасынан бастап аптап ыстыққа байланысты ауруларды бақылау жүйесі іске қосылғаннан кейін жедел жәрдем көмегіне 2441 адам жүгінді.

Оңтүстік Кореяның Ұлттық метеорологиялық қызметі жалғасып жатқан аптап ыстық аясында Сеул астаналық аймағы үшін ауа райына байланысты қосымша ескерту жариялады. Қазіргі уақытта аймақ аумағының 43%-ы ескертудің ең жоғары деңгейінде.

Синоптиктер болжамынша, Сеулдегі температура 6 тамызда 39°C-қа дейін жетуі мүмкін.

Еске салсақ, Оңтүстік Кореяның көп бөлігінде температура 40°C-қа жақындады, елдің оңтүстік-шығысындағы Янсан қаласында жексенбіде 42,5°C.ең жоғары температура тіркелді.

Биылғы шілде айы бақылау тарихында ең ыстық жылдардың бірі болды: ел бойынша орташа температура 26,8°C-қа жетті. Бұл - тарихта үшінші ең жоғары көрсеткіш.

Бұдан басқа, елде орта есеппен 9,7 тропикалық түн тіркелді — бұл түнгі ауа температурасы 25°C-тан төмендемейтін кезеңдер. Корея метеорологиялық басқармасының (KMA) мәліметінше, бұл жаңа рекорд. Алдыңғы көрсеткіш 2024 жылдың шілдесінде 8,8 түн және 1994 жылдың шілдесінде 8,5 түн болған.

Осыған дейін Жапонияда аптап ыстықтан бір аптада 7 адам көз жұмғанын хабарладық.