17:57, 20 Шілде 2025 | GMT +5
Қазақстан құрамасы жазғы Универсиадада үшінші медалға қол жеткізді
АСТАНА. KAZINFORM – Германиядағы ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада Нодира Ахмедова қола медаль жеңіп алды.

Таэквандо жарысында Нодира Ахмедова қытайлық спортшыдан жеңіліп қалды. Дегенмен отандасымыз үшінші орынға табан тіреп, қола медальдің иегері болды.
Еске салайық, бұған дейін көркем гимнастикадан Айбота Ертайқызы мен таеквандодан Дамир Шуленов үшінші орынды иеленіп, ел қоржынына екі қола медаль әкелген болатын.
Еске сала кетейік, осыған дейін ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада көркем гимнастикадан Айбота Ертайқызы қола жүлдеге ие болып, құрама қоржынына түскен алғашқы медальға қол жеткізгенін жазған едік.