Оңтүстік Кореяда туу көрсеткіші соңғы жеті жылдағы ең жоғары деңгейге жетті
АСТАНА. КАZINFORM — Оңтүстік Корея-да 2024 жылдың наурыз айында туу көрсеткіші соңғы жеті жылдағы ең жоғары деңгейге көтерілді. Бұл өсім неке санының артуымен байланыстырылып отыр.
Наурыз айында елде барлығы 25 200 бала дүниеге келген. Бұл 2019 жылдың наурызынан бергі ең жоғары көрсеткіш (сол кезде 27 049 бала туған).
2024 жылдың қаңтар–наурыз аралығында жалпы 75 013 сәби дүниеге келген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,8% жоғары. Бұл да 2019 жылдан бергі бірінші тоқсандағы ең жақсы нәтиже.
Елде 2024 жылдың шілдесінен бастап жаңа туған балалар санының біртіндеп арту үрдісі байқалып отыр.
Соған қарамастан, туу деңгейі әлі де әйел басына шаққанда 2,1 баладан төмен, яғни халық санын табиғи түрде тұрақты ұстап тұруға жеткіліксіз.
Үкімет туу деңгейін көтеру үшін түрлі шаралар қабылдап жатыр. Олардың қатарында қаржылай қолдау, балаларға күтім қызметтерін кеңейту және көпбалалы отбасыларға қосымша жеңілдіктер беру бар.
Бұған дейін Оңтүстік Корея президенті туу көрсеткішін арттыру үшін жұмыс уақытын қысқарту идеясын ұсынған болатын.
Айта кетейік, елде неке саны да соңғы жеті жылдағы ең жоғары деңгейге жеткен.