12:57, 08 Қараша 2024 | GMT +5
Оңтүстік Кореяның Чеджу аралында кеме апатқа ұшырады
АСТАНА. KAZINFORM - Оңтүстік Кореяның Чеджу аралында жұма күні 129 тонналық балықшылар кемесі суға батты, деп хабарлайды Интерфакс.
Жергілікті биліктің мәліметінше, экипаждың 14 мүшесі құтқарылды, тағы 13 адам із-түзсіз жоғалған.
Жағалау күзеті кеменің батып жатқаны туралы белгіні сағат 4:33-те алды.
Батып кеткен кеме бортында экипаждың 27 мүшесі болған. Олардың 16-сы - оңтүстіккореялық және 11-і - шетелдік азамат.
Жоғалған адамдарды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ель балықшыларды шұғыл құтқару үшін қолда бар ресурстарды жұмылдыруды бұйырды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Оңтүстік Кореядағы батарея зауытындағы өрттен ондаған адам қаза болғанын жазған едік.