Оңтүстік Кореяның экс-бірінші ханымы жемқорлыққа қатысы бар деген айыппен қамалды

АСТАНА. KAZINFORM – Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы Ким Кон Хи сәрсенбіде жеке камераға отырғызылды. Бұл сот оны арнайы прокурорлардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты бірқатар айыптау бойынша тергеуі аясында қамауға алу туралы санкция бергеннен кейін болды, деп хабарлайды Yonhap ақпарат агенттігі. 

Оңтүстік Кореяның экс-бірінші ханымы жемқорлыққа қатысы бар деген айыппен қамалды
Фото: Yonhap

Арнайы прокурор тобының мәліметінше, оған қымбат сыйлықтар алу арқылы парақорлық, Deutsch Motors автокөлік дилерінің бағалы қағаздарымен алаяқтық жасау және депутаттыққа кандидаттарды іріктеу процесіне араласу бойынша айыптар тағылып отыр.

52 жастағы Ким Кон Хи кінәсін мойындамады. Бірақ төрт сағаттық тыңдаудан кейін сот егер ол босатылса, дәлелдемелерді жоя алатынын түсіндіріп, оны қамауға алуды бұйырды. Осылайша Ким Кон Хи және оның күйеуі, бұрынғы президент Юн Сок Ёль ел тарихында бір уақытта ұсталған алғашқы бұрынғы президенттік жұпқа айналды. 

Арнайы прокурор Мин Чжун Гидің командасы өткен аптада Кимді Капитал нарығы туралы, Саяси қорлар жөнінде және делдалдық үшін пара алу туралы заңды бұзды деген айыппен қамауға алу туралы ордер беруді сұрады. 

Еске сала кетсек, Оңтүстік Корея соты экс-бірінші ханымды қамауға алуға санкция бергенін жазған болатынбыз. 

Бұған дейін Оңтүстік Кореяның экс-президенті қамауда қала беретіні туралы жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар