Оңтүстік өңірлердің су тапшылығын шешу: Қазақстан көрші елдермен келісімге келді

АСТАНА. KAZINFORM — Қанат Бозымбаев Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне су жеткізу мәселелері бойынша Бішкек пен Ташкентте келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Оңтүстік өңірлерді сумен қамтамасыз ету: Қанат Бозымбаев Бішкек пен Ташкентте келіссөздер өткізді
Фото: Үкімет

28 шілде күні Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев жұмыс сапарымен Қырғызстанға барып, Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Касымалиевпен және салалық ведомстволар басшыларымен келіссөздер жүргізді.

Оңтүстік өңірлерді сумен қамтамасыз ету: Қанат Бозымбаев Бішкек пен Ташкентте келіссөздер өткізді
Фото: Үкімет

— Тараптар Нарын каскады, Талас бассейні, сондай-ақ Киров және Орто-Токой су қоймаларының тамыз айындағы жұмыс тәртібін талқылады. Кездесу нәтижесінде бұрын бекітілген келісімдер аясында қуаңшылық пен судың аз келуі салдарынан жетпей қалған су көлемін қосымша жеткізу жөнінде келісімге қол жеткізілді, — делінген хабарламада.

Оңтүстік өңірлерді сумен қамтамасыз ету: Қанат Бозымбаев Бішкек пен Ташкентте келіссөздер өткізді
Фото: Үкімет

29 шілде күні Қанат Бозымбаев Ташкент қаласында Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Ариповпен және су-энергетика саласының басшыларымен келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында су беру кестесінен қалып қойған жағдайды екі апта ішінде қалпына келтіру бойынша нақты шаралар келісілді.

Осылайша Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында вегетация кезеңінің аяқталуы толық көлемде қамтамасыз етіледі. Бұл мәселе Үкімет пен өңірлік биліктің тұрақты бақылауында тұр.

Оңтүстік өңірлерді сумен қамтамасыз ету: Қанат Бозымбаев Бішкек пен Ташкентте келіссөздер өткізді
Фото: Үкімет

Бұдан бұрын Қанат Бозымбаев табиғи апаттардан тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру жүйесін әзірлеу барысын тексерді.

Соңғы жаңалықтар