Оңтүстік Суданда ұшақ құлап, 14 адам мерт болды

АСТАНА.KAZINFORM - Cessna 208 Caravan Жуба қаласының шетінде құлады. Борттағы 14 адамның барлығы — 13 жолаушы мен ұшқыш көз жұмды, деп хабарлайды Aljazeera.

Оңтүстік Судан
Фото:  Aljazeera

CityLink Aviation әуе компаниясына тиесілі ұшақ Йей қаласынан Жуба халықаралық әуежайына бағыт алған. Апатқа дейін көп ұзамай ұшақпен байланыс үзілген.

Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиғаға қолайсыз ауа райы мен көрінсінің қиындауы себеп болған. Құлаған орын Жубадан шамамен 20 шақырым жерде орналасқан. Қазір онда жедел қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр.

Қаза тапқандардың арасында Кенияның екі азаматы және Оңтүстік Суданның 12 азаматы бар. Ұшақ сынықтары толық жанып кеткен.

Осыған дейін Суданда гуманитарлық жағдай қиындап бара жатқаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар