ОПЕК+ елдері қазандағы мұнай өндіру көлемін өзгеріссіз қалдырды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан және ОПЕК+-ке мүше тағы алты ел 2026 жылғы қазанда мұнай өндіру көлемін қыркүйек айына белгіленген деңгейде сақтау туралы келісімге келді, деп ұйымның сайты жазды.

ОПЕК+ елдері қазандағы мұнай өндіру көлемін өзгеріссіз қалдырды
Фото: Gulf Today

6 қыркүйекте өткен онлайн кездесуге Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, Кувейт, Қазақстан, Алжир және Оман өкілдері қатысты.

Кездесуде әлемдік мұнай нарығындағы қазіргі жағдай мен оның даму перспективалары талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушы елдер 2026 жылғы қазанда мұнай өндіру көлемін қыркүйек айына белгіленген деңгейде сақтау туралы шешім қабылдады.

Сонымен қатар мемлекеттер Ынтымақтастық туралы декларация талаптарын толық орындауға ортақ міндеттемелерін растады.

ОПЕК+ елдері нарықтағы жағдайды бағалау үшін ай сайын кездесулер өткізуді жалғастырады. Келесі отырыс 2026 жылғы 4 қазанға жоспарланған.