13:50, 17 Ақпан 2017 | GMT +5
ОПЕК және өзге елдердің өндірісті қысқартуынан мұнай бағасы өсіп келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ОПЕК және өзге мемлекеттер арадағы келісім аясында мұнай өндірісін азайтуына байланысты жұма күнгі сауда-саттық деректерінен әлемдік мұнай бағасының қымбаттағанын көруге болады.

Мәскеу уақытымен 08.40-та (Астана уақытымен - 11.40) Brent маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерсі барреліне 0,22%, яғни 55,77 долларға дейін көтерілді. WTI маркалы мұнай баррелінің наурыздағы фьючерстерінің құны 0,15%, яғни 53,44 долларға дейін қымбаттады, деп хабарлайды ресейлік «РИА Новости» агенттігі.
Қаңтар айында ОПЕК елдері мұнай өндірісін тәулігіне 890 мың баррельге дейін азайтты. Желтоқсан айында 32, 139 миллион баррельге дейін шектеу енгізілген еді. Сонымен бірге, веналық келісім аясында өндірісті шектеу міндетін мойнына алған мемлекеттер өндірісті уәде етілген 1,254 миллионнан 1,146 миллионға дейін азайтты.