OpenAI Sora жасанды интеллект негізіндегі бейне генераторын жабу туралы шешім қабылдады
АСТАНА. KAZINFORM — Америкалық OpenAI технологиялық компаниясы шынайы бейнегенератор — Sora нейрондық желісін жабу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ТАСС.
— Біз Sora-мен қоштасып жатырмыз. Оны бірге жасаған, оны бөліскен және оның айналасында қауымдастық құрған барлық адамдарға рақмет. Sora-мен бірге жұмыс істегендеріңіз маңызды болды және біз бұл жаңалықтың көңіл күйді түсіретінін білеміз, — делінген X желісіндегі мәлімдемеде.
We’re saying goodbye to the Sora app. To everyone who created with Sora, shared it, and built community around it: thank you. What you made with Sora mattered, and we know this news is disappointing.
— Sora (@soraofficialapp) March 24, 2026
We’ll share more soon, including timelines for the app and API and details on…
Мұндай шешім неліктен қабылданғаны туралы ақпарат берілмеді.
OpenAI Sora-ны 2024 жылдың желтоқсанында іске қосты және сол кезде жасанды интеллектімен жұмыс істейтін бейне жасаудағы ең озық құралдардың бірі болды.
Sora мәтіндік сипаттамаларға негізделген дауыспен шынайы бейнелер жасайды.
Айта кетейік, осыған дейін OpenAI басшысы жасанды интеллектіні реттейтін жаһандық орган құруға шақырған болатын.