Опырылған асфальт, ойлып кеткен жол: Алматы көшелері жөнделіп жатыр

Алматы транспорт дороги автомобили движение Алматы көлік жолдары қозғалыс
Фото: Александр Павский/ Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы көшелері жөнделіп жатыр. Биыл ұзындығы 250 шақырым болатын 274 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспаранған болатын.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, мегаполисте ұзындығы 3 097 шақырым жол бар. 2023 жылы ұзындығы 200 шақырым болатын 175 көшедегі жол жабынына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Орташа жөндеу кезінде жол төсемдерінің тозу қабаты мен тегістігін мерзімді қалпына келтіру, сондай-ақ жер төсемінің, су бұрудың, жасанды, қорғаныш, нығайту, реттеу және басқа да жол құрылыстарының зақымданған жерлерін түзету, жол төсемі қиылыста және оған жақын жерде кеңейтіледі немесе тарылтады, автотұрақтар, аялдама қалталары мен алаңдар, тротуарлар мен велосипед жолы жасалады.

«Аудандық әкімдіктер ағымдағы жөндеу жұмыстарына осы жылдан бастап өкілеттіктерді орталықсыздандыру аясында тапсырыс беруші. Жұмыс «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК бақылауымен жүргізіледі. Сынақ және сараптама нәтижесі бойынша анықталған ақаулар мен ескертулерді мердігер ұйымдар жояды»,- деп атап өтті әкімдіктен.

құрылыс
Фото: Алматы әкімдігі

1. Алатау ауданында жоспарланған 30 мың шаршы метр жол төсемінің бүгінге дейін 13 мың шаршы метр жөнделді. Б. Момышұлы көшесі, Ф.Оңғарсынова көшесі, Шаған көшесі, Шамалған көшесі, Жанқожа батыр көшесі, Әубәкіров көшесі, Тәкежанов көшесі, Бенберин көшесі, Бәйтенов көшесі, Бекболат көшесі, Жалайыр көшесі, Шоған Абыз көшесі, Аруана көшесі, Көкорай көшесі, Ахметов көшесі, Әлмерек Абыз көшесі, Шұғыла шағын ауданы, Айналмалы көшесі, Орталық көшесі, Қожаберген Жырау көшесі, Мыңбұлақ көшесі, Сәдуақасов көшесі, Ақжолтай көшесі, Барыс көшесі ағымдағы жөндеуден өтеді. Жұмыс жыл соңына дейін жалғасады.

құрылыс
Фото: Алматы әкімдігі

2. Алмалы ауданында 25 мың шаршы метр жол төсеміне ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды. Қазір оның 23,1 мың шаршы метрінде жұмыс аяқталды. Ағымдағы жөндеу аясында Назарбаев даңғылы, Абылай хан даңғылы, Желтоқсан көшесі, Наурызбай батыр көшесі, Сейфуллин даңғылы, Байтұрсынов көшесі, Нұрмақов көшесі, Әйтиев көшесі, Исаев көшесі, Жамбыл көшесі, Бөгенбай батыр көшесі, Райымбек даңғылы, Верещагин көшесі, Қараөткел көшесі, Мақатаев көшесі, Биокомбинатская көшесі, Гоголь көшесі, Төреқұлов көшесі және т.б. көшеде жол ақаулары жойылды.

3. Әуезов ауданында жалпы қалалық және аулаішілік аумақтарда жоспарланған 50 мың шаршы метр жолдың 3 мың шаршы метрінен астамына ағымдағы жөндеу жүргізілді. Жұмыс кепілдік міндеттемелер аясында жүргізіледі. Жандосов көшесі, Алтынсарин даңғылы, Қабдолов көшесі, Сайын көшесі, Абай даңғылы, Қуанышбаев көшесі, Б.Момышұлы көшесі, Жұбанов көшесі, Шәймерденов көшесі, Райымбек даңғылы, Өтеген батыр көшесі және т. б. көшелердегі жол ағымдағы жөндеуден өтті. Жолдарды ағымдағы жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр, олар ауданның тұрақты бақылауында.

4. Бостандық ауданын да қалпына келтіру жоспарланған 30 мың шаршы метр жол төсемінің 16,7 мың шаршы метрі жөнделді. Қазір Арайлы, Центральная, Салықов, Асқаров, Өтепов, Егізбаев, Тимирязев, Жандосов, Жароков, Масаншы, Дулати, Ғабдуллин көшелері, Бұқар Жырау бульвары, Қаратаев, Қожанов, Мыңбаев, Манас, Мұстафа Өзтүрік, Әуезов көшелері, Гагарин даңғылы, Восточная, Жәңгір хан көшелері және Хамит Ерғали жағалауы бойынша 25 көшеде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ауданда барлығы 100-ге жуық көше ағымдағы жөндеуден өтеді.

5. Жетісу ауданында 35 мың шаршы метр жолға арналған жол жабынына ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды. Қазір Қазыбаев көшесі, Ратушный көшесі, Павлодар көшесі, Райымбек даңғылы, Рысқұлов даңғылы, Сүйінбай даңғылы, Абылай хан даңғылы, Жангелдин көшесі, Жансүгіров көшесі, Сейфуллин даңғылы, Жұмабаев көшесі, Мұқатай көшесі, Сельская көшесі, Первомайская мұнай базасы, Күдерин көшесі, Казаков көшесі және т.б. көшеде 3,7 мың шаршы метр жол төсемі төселді. Жолдарды ағымдағы жөндеу жұмыстары жалғасып отыр.

құрылыс
Фото: Алматы әкімдігі

6. Медеу ауданында Достық даңғылы, Назарбаев даңғылы, Жібек жолы даңғылы, Гоголь, Мақатаев, Қарасай батыр, Бөгенбай батыр, Жамақаев, Мәметова көшелері, Думан-2 және Самал-1, 2 шағын ауданындағы 7,5 мың шаршы метрден астам жол жөнделді. Барлығы 50 мың шаршы метр жол төсемі жөнделеді.

7. Наурызбай ауданында Жандосов көшесі (жоғарғы тас жол), Дәулеткерей, Әбділдин, Редько, Сейітбеков, Қараманов, Грушовая, Новая, Гроза, Тәжиев, Қали Нәдіров, Сейдімбек, Алтын Орда, Шәймерденов, Кенесары хан, Қонаев, Үшқоңыр, Жандосов, Сұраншы батыр, Жансүгіров, Зеленая, Кенесары хан, Сәбденов, Қыдырбеков, Ізгілік, Виноградная, Строительная, Арман көшелері және т.б. аумақтағы 35 мың шаршы метрден астам жол ағымдағы жөндеуден өтеді. Ауданда шұңқырларды, ойықтарды, жарықтарды жөндеу, бақылау құдықтарының люктерін түзету және жиектастарды тегістеу бойынша барлығы 45 мың шаршы метр жол төсемін қамту жоспарланған.

жол жөндеу
Фото: Алматы әкімдігі

8. Түрксіб ауданында бүгінде Алматы-1 теміржол вокзалы ауданында Красногорская, Котельников, Бұқтырма, Гете, Молдағалиев, Кассин көшелерінде 4 мың шаршы метрден астам жол төсемі жөнделді. Барлығы 30 мың шаршы метрге жол жабынын жөндеу жоспарланып отыр.

«Мегаполис халқына ыңғайлы болу үшін жол инфрақұрылымына арналған Telegram арнада @AlmatyJolybot чат-боты іске қосылды. Ол арқылы тұрғындар қала жолындағы шұңқырларды жөндеуге өтініш бере алады. Бұған қоса, шұңқырлар, ойықтар, сондай-ақ жол төсемінің зақымдануы анықталған жағдайда аудан әкімдіктерінің телеграм чаттары арқылы жүгінуге болады»,- деп хабарлады әкімдіктен.

Соңғы жаңалықтар