Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Орал-Ақтөбе тас жолындағы жол-көлік апатынан үш адам мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орал-Ақтөбе тас жолындағы жол-көлік апатынан үш адам мерт болды, деп хабарлады "Мой город" порталы.

Орал-Ақтөбе тас жолындағы жол-көлік апатынан үш адам мерт болды

Жол-көлік оқиғасы 11 қазанда таңғы сағат 05:00-де Орал-Ақтөбе тас жолында Батыс Қазақстан облысы орталығынан 60 шақырым жерде орын алды. "Лада Гранта" автомобилі "Шанхай" жүк көлігінің астына кіріп кеткен.

Жүк көлігінің жүргізушісі айтқандай, ол шамамен таңғы сағат бестерде жолға шыққан.

- Көлігімнің жылдамдығы сағатына 40 километрден аспады, - деді жүргізуші. - Өйткені жолға жаңа ғана шыққан едім. Айнадан артымнан жоғары жылдамдықпен жеңіл көлік келе жатқанын көрдім. Жолдың шетіне қарай ығыса бастадым. Ол менен озбай, көлігімнің астына кіріп кетті.

"Ладада" жүргізушімен бірге төрт жолаушы болған, олардың үшеуі оқиға орнында қаза тапты. Жүргізуші мен тағы бір жолаушы аман. Олар Орал қаласындағы облыстық ауруханаға жеткізілді.

Көліктен адамдардың мәйіттерін шығару үшін оқиға орнына құтқарушылар келді. Қаза тапқандарды алып шығу үшін олар көліктің төбесін бұзуға мәжбүр болды.

Оқиға орнында полицейлер мен криминалист-сарапшылар жұмыс істеді.