11:30, 29 Сәуір 2025 | GMT +5
Орал қалалық соты бұрынғы төрағасының ісі Тасқалада қаралады
ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қалалық сотының бұрынғы төрағасы Руслан Жұмағұловтың ісі Тасқала аудандық сотында қаралып, үкім шығарылады.

БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, сот талқысы 5 мамыр күнгі сағат 10.30-ға белгіленді.
Сот талқысын судья Әлия Теберікова жүргізеді.
Р.Жұмағұловпен бірге адвокат Нұржігіт Фазылғалиевтің ісі қаралады. Олардың екеуі де үйқамақта отыр.
Р.Жұмағұловқа алаяқтыққа оқталғаны, Н.Фазылғалиевке алаяқтық пен пара беруге тырысқаны үшін айып тағылған.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда қалалық сот төрағасы парамен ұсталғанын жазған болатынбыз.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Орал қалалық соты төрағасының парамен ұсталғанын растады.