Орал қаласында тұратын 8 майдангерге біржолғы көмек көрсетілді

ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласында Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 9 ардагер тұрады.

өтемақы
Фото: Kazinform

Қала әкімінің орынбасары Аслан Тапишевтің мәлім еткеніндей, Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында әлеуметтік қолдау аясында 8 майдангердің әрқайсысына 5 млн теңгеден, барлығы 40 млн теңге төленді.

Оның сөзіне қарағанда, соғысқа қатысқан бір ардагер Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында мемлекет қамқорлығында болғандықтан, оған аталған төлем қарастырылмаған.

— Чернобыль апатының зардаптарын жою салдарынан мүгедек болған 165 адам, сондай-ақ тәжік-ауған шекарасында қызмет еткен 159 әскери қызметшінің әрқайсысына 100 мың теңгеден төленіп жатыр. Басқа радиациялық апаттар салдарынан мүгедек болған 101 адам да (100 мың теңгеден) ұмыт қалған жоқ. Ауғанстандағы әскери қимылдарға қатысқан және мүгедек болған 349 азамат 80 мың теңгеден алады. Ал тыл еңбеккерлері санатына кіретін 982 адамға 50 мың теңгеден қарастырылған, — деді А.Тапишев. 

Оның айтуынша, Жеңіс күніне орай қалада тұратын соғыс ардагерлеріне сыйлық себеттері мен арнайы құттықтау хаттарына қоса «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерейтойлық медальдары табыс етіледі. Басқа да мерекелік іс-шаралар жоспарланған.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО тұрғыны әкесінің ағасы жерленген жерге барып, тағзым еткісі келетіні жөнінде айтқанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар