Орал қаласы көшелері жолдарын күрделі жөндеуге 986,5 млн. теңге жұмсалды

ОРАЛ. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - Орал қаласы көшелері жолдарын күрделі жөндеуге өткен жылы 986,561 млн. теңге қарастырылды.

Орал қаласы көшелері жолдарын күрделі жөндеуге 986,5 млн. теңге жұмсалды

Қала әкімдігінің мәліметі бойынша барлығы тоғыз көшеде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Энтузиастар, Самал, Тәуелсіздік, Шолохов, Петровский, Жайық өзені арқылы өтетін көпірден Гагарин көшесіне дейін жұмыс толық аяқталды. Карев, С.Датұлы көшелері және кардиологиялық орталыққа апаратын жолдар құрылысы биыл мәреге жетпек. Бұлардан бөлек қаладағы 78 көшеде жай жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оған 202,8 миллион теңге жұмсалды.

Сонымен қатар 11 жолдың жоба-сметасы әзірленді. Жөндеу жұмыстарын бастау биылға жоспарланып отыр.

Сонымен қатар қаланың санитарлық тазалығын сақтау мақсатында 928 млн. тенге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды.