17:39, 05 Ақпан 2009 | GMT +5
Орал қаласын абаттандыру шараларына 334 млн. теңге бөлініп отыр
ОРАЛ. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласын абаттандыру шараларына биыл 334 млн. теңге бөлініп отыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қала әкімдігінен түскен мәліметке сілтеме жасап.
Қаланы жасыл желекке бөлеу мақсатында «Жасыл қала» МКК құрылған. Осыған сәйкес гүлзарлар мен алаңдарды одан әрі абаттандыру, субұрқақтар салу қолға алынбақ.
Қала көшелері де ерекше назарда. 26 көшені күрделі және орта жөндеу жөнінде жобалау-сметалық құжаттама жасалған. Брусиловский мен Гринько көшелерінде қатқыл табанды жол салуға 243 млн. теңге қарастырылмақ.