Орал қаласын абаттандыруға 2,3 млрд. теңге жұмсалды

ОРАЛ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласын абаттандыруға 2008 жылы бюджеттен 2,3 млрд. теңге жұмсалды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қала әкімдігінен түскен мәліметке сілтеме жасап. Елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша 701,4 млн. теңгенің жұмыстары атқарылды. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау үшін 745 жаңа контейнерге 21 млн. теңге кетсе, сондай-ақ 55 арнайы техника сатып алуға да қам жасалды. Қала көшелерін, жолдарды түзеуге 432 млн. теңге жұмсалса, аула аумақтарын абаттандыруға 200 млн. теңге бөлінді. Қалада 255 жолаушылар лифтісі болса, соның онын жөндеуге 16 млн. теңге берілді. Оралды жасылдандыруға 73 млн. теңге бағытталды. Мұндай жұмыстар биыл да жалғаспақ.
Соңғы жаңалықтар