14:47, 04 Наурыз 2009 | GMT +5
Орал қаласында 103 жастағы тұрғын санақтан өтті
ОРАЛ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласы Зачаган кенттік округінде тұратын 103 жастағы Сәуия Зұлқашева санақтан өтті.
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне кенттік округ аппаратының статистика маманы Бақытжан Мәмбетов хабарлады. Жалпы, бұл округте халықтың 81 пайызы немесе 26 мыңнан астам адам есепке алынды. Округте үш санақ бөлімі болса, онда 108 есепші, 26 нұсқаушы-бақылаушы жұмыс жасауда. Әсіресе, №22 санақ бөлімінің меңгерушісі Айгүл Хасенова, есепшілер Ақан Сармалаев, Аңсар Хасенов, нұсқаушы-бақылаушы Елена Виленкова сынды мамандар өз ісіне жауапты қарауда. Есепшілердің алды өз аумағындағы тұрғындарды түгел есепке алып үлгерді.