Орал қаласында 2760,7 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді

ОРАЛ. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласында өткен жылы 2760,7 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді, бұл алдыңғы жылғыдан 54 пайызға артық,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Абат Сұлтановтың айтуынша, осының 1530 миллионы ? өсімдік, 1230,6 миллионы мал шаруашылығына тиесілі. Қаланың аграрлық саласында 34 ауыл шаруашылығы құрылымы жұмыс жасайды. Өткен жылы астық өндіру 49 пайызға артып, шаруашылықтар өздерін тұқыммен де қамтамасыз етті. Тұрақтандыру қорына 250 тонна астық құйылды. Жыл ішінде ет өндіру ? 10,8, сүт 3,9 пайызға өсті. Мал шаруашылығын дамытуға республикалық және облыстық бюджеттен 73,5 млн. теңге субсидия бөлініп, 2007 жылғыдан бес есеге көбейді. Жалпы, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидия көлемі 2,6 есеге артып, 146 млн. теңгеге жетті.
Соңғы жаңалықтар